I Маруан
I Маруан ибн әл-Хакам араб.: يزيد بن معاوية بن أبي سفيان | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
маусым 664 — 12 сәуір 685 | ||
Ізашары | II Мұғауия | |
Ізбасары | Абд әл-Мәлік ибн Маруан | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 28 наурыз 623 Мекке, Сауд Арабиясы | |
Қайтыс болуы | 7 мамыр 685 (62 жас) Дамаск, Сирия | |
Династия | Умәйя әулеті | |
Жұбайы | Аиша бинт Осман | |
Балалары | Абд әл-Мәлік ибн Маруан | |
өңдеу |
I Маруан ибн әл-Хакам (623—685) (араб.: مروان بن الحكم ) — Умәйя әулетінің төртінші халифі. Умәйядтар әулетінің маруанидтер тармағының негізін салушы. Әділетті төрт халифалардың бірі Осман ибн Аффанның немере інісі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маруан ибн әл-Хакам Османның сүйіктісі болатын[1].
I Йазидтің өлімінен соң халық оның Шамдағы баласы Мұғауияға, Мекке мен Хиджаз Абд Аллаһ ибн Зубайрге биат етеді. Алайда Мұғауия 684 жылдың маусым айында халифалықтан бас тартқандықтан, Умәйя әулеті басшысыз қалды. Тіпті Сириялықтардың өзі Абдуллаһ ибн әз-Зубайрға биат ете бастайды. Билік қолдарынан кете бастағандығын ұққан умәйядтар Йазидтің келесі бір баласы Халид кәмелетке толмағандықтан шұғыл түрде өз араларынан Маруан ибн Хакамды халифа ретінде сайлайды. Маруан халифа болысымен Абдуллаһ бин Заубайрдың Сириядағы жақтасы Даххақ бин Қайспен шайқасып, оны жеңіп шығады. Өзінің бәсекелесі Абд Аллаһ ибн Зубайрдің қалбасшыларын өлтіргеннен кейін ол Сирия, Мысыр және Месопотамия[1] елдерінде таңыла бастады.
Ажалы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігіне сәйкес Маруан таққа I Йазидтің ұлы Халид кәмелетке толғанға дейін уақытша отырған делінеді, алайда Маруан өзінің мұрагері ретінде Абд әл-Мәлікті тағайындаған кезде, Халидтің анасы оны қылқындырып өлтіреді[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b c Мерван // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі: 86 томдық (82 т. және 4 қос.) — СПб., 1890—1907.
I Маруан Туған күні: 28 наурыз 623 Қайтыс болған күні: 7 мамыр 685
| ||
Ізашары: II Мұғауия |
Ислам халифатының халифі Умәйядтар халифаты маусым 664 — 12 сәуір 685 |
Ізбасары: Абд әл-Мәлік ибн Маруан |
|
|