iPhone (түпнұсқа)
iPhone | |
Бренд | |
---|---|
Серия | |
Сату датасы | |
Салмағы |
135 г |
Операциялық жүйе |
iPhone OS 3.1.3 (7E18) |
Орталық процессор |
Samsung S3C6400 ARM 620MHz |
Оперативтік зерде | |
Жады | |
Енгізу құрылғысы |
сенсорлы экран мультитачпен, |
Экран |
3,5 дюйм (89 мм) диагоналінің қатынасы 1.5:1 |
Камера |
2 МП |
Сериялар бойынша мақаланың бөлігі болып табылады |
iPhone |
---|
Айфон модельдер тізімі |
iPhone (ретроспективті түрде бірінші iPhone немесе iPhone 2G деп аталады) — Apple корпорациясы әзірлеген және сатылымға шығарған iPhone Touch Screen смартфондарының алғашқы буыны. 2007 жылы 9 қаңтарда,[1] пайда болған қауесеттерден соң бірнеше айдан кейін[2] таныстырылды. Америка Құрама Штаттарыда 2007 жылғы 29 маусымда сатылымға түсті. Екінші буын iPhone 3G деп аталды.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Телефон, Apple Inc. жобалаған және жариялаған бірінші модель. Сол уақыт үшін жақсы функциялары болды: Wi-Fi модулі, сенсорлық экран, жад: 4,8,16 ГБ.
Прототиптері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Apple бас директоры Стив Джобстың Finger WOrks мультитач сенсорлы экран арқылы тышқан мен пернетақтаны пайдаланбай компьютермен өзара жұмыс істетуді пайдалану идеясы іске асты. Джобс осындай жобаны әзірлеу үшін Apple инженерлер тобына тапсырма берді[3]. Ол прототип пен оның пайдаланушы интерфейсін көрген кезде, оның ойына екінші идея келді - ұялы телефон технологиясын жүзеге асыру[4]. 2005 жылдан басталатын Project Purple 2 деп аталатын жобаға бар күш салынды [5]. Телефонның бірінші жобасы кодтық атауы «Purple 1», жыл соңына дейін дайын бола қойған жоқ[6].
Apple үшін келесі қадам 2005 жылы, қыркүйек айында нарыққа шығарылған, Motorola ROKR ұялы телефонын құруға қатысу болды. Құрылғы плеер ретінде бағытталды, ол iTunes плеерімен тығыз біріктірілген болатын. Плейер интерфейсін Apple құрығандықтан, барынша iPod-ты еске салушы еді. Алайда, жобалау мен функционалдық әлсіздігінен телефон кең айналымға шыққан жоқ, тіпті жылдың сәтсіздігі деп аталды[7][8].
Motorola ROKR табысқа кенелмегеніне қарамастан, 2005 жылдың ақпанында Стив Джобс ұялы байланыс операторы Cingular компаниясымен екіжақты әріптестік туралы келіссөздер бастады, компания өз құрылғыларын ұсынуға қабілетті екенін және ниетті екенін айтты[9]. iPhoneды дамыту құпия атмосферада өтті. Өнімнің түрлі бөліктері (бағдарламалық және аппараттық) бойынша жұмыс инженерлерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болмады. Cingularмен келіссөздер үшін, Apple өкілдері серіктес Infineon компаниясының атын жамылып тіркелді. Жоба іштей Purple 2 деп аталды[6].
Анонс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы iPhone-ды Стив Джобс алғаш рет 2007 жылы 9 қаңтарда Сан-Францискодағы Macworld Conference & Expo конференциясында таныстырды[10]. Өз сөзінде, Джобс былай деген еді: «Мен екі жарым жыл бойы бұны асыға күттім» және «бүгін Apple телефонды қайтадан ойлап табуды жоспарлап отыр» деді[11]. Джобс iPhone-ды үш құрылғының жиынтығы ретінде таныстырды: сенсормен басқарылатын кең экранды iPod, «революциялық ұялы телефон» және «ұшқыр интернет-коммуникатор».[12]
iPhone АҚШ-та 2007 жылы 29 маусымнан сатылымға шығарылды, мұнда мыңдаған адамдар шығарылымға дейін бірнеше күн бойы кезекке тұрғандығы айтылады[13]. PlayStation 3 шығарылған кездегі проблемалардың қайталануына жол бермеу үшін, түні бойы дүкендерді қорғау үшін қол жетімді полиция қызметкерлері жұмысқа қабылданды[14]. 2007 жылдың төртінші тоқсанында, IPhone эксклюзивті құқық арқылы T-Mobile және O2 операторларымен Германия, Франция және Ұлыбританияда сатыла бастады.
IPhone сыртқы түрі мен ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Металл және пластмассаның смартфонның қабығындағы комбинациясы
-
2G нұсқасындағы сим-карта үшін ұяшық
-
Жарық датчиктеріне қарау
-
iPhone 2G және iPhone 3G салыстыру
Қабылдануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]The New York Times және The Wall Street Journal iPhone туралы оңды, бірақ сақ пікірлерін берген, олардың негізгі сыны салыстырмалы түрде AT&T 2.5G EDGE және желілерінің төмен жылдамдығы және телефонның 3G арқылы байланысуға қабілетсіздігі.
The Wall Street Journal шолғышы Уолт Моссберг «кейбір кемшіліктер мен олқылықтарына қарамастан, iPhone, сайып келгенде, әдемі және серпінді қалта компьютері болып табылады» деген қорытындыға келді[15].
Time журналы оны 2007 жылдың өнертабысы деп атады[16].
Түрлі буындар мен сымсыз технологиялар бойынша ұялы желілер арқылы деректерді қабылдаудың максималды жылдамдығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Желісінің / сымсыз технологияның түрі | Класс | Желі жұмыс жасайтын жиілік | Downlink максималды жылдамдығы (Mbps) | Uplink максималды жылдамдығы (Mbps) | Қазіргі заман |
---|---|---|---|---|---|
GPRS | 2G (2.5G) | 850, 900, 1800, 1900 МГц | 0.04 | Белгісіз | Технология ескірді |
EDGE | 2G (2.75G) | 850, 900, 1800, 1900 МГц | 0.38 | Белгісіз | Технология ескірді |
Wi-Fi | 802.11 b/g/ | 2.4 ГГц | 54.0 | 54.0 | Технология өзекті |
Bluetooth 2.0 + EDR | 802.15.4 | 2.4 ГГц | 3.0 | 3.0 | Технология өзекті |
Қайнары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Honan, Mathew. Apple unveils iPhone, Macworld (9 қаңтар 2007). Тексерілді 6 сәуірдің 2008.
- ↑ Dolan, Brian Timeline of Apple "iPhone" Rumors (1999–Present). Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 қыркүйек 2012. Тексерілді, 17 ақпан 2008.
- ↑ Cohen, Peter. Macworld Expo Keynote Live Update, Macworld (9 қаңтар 2007). Тексерілді 1 ақпанның 2007.
- ↑ Walter Mossberg; Kara Swisher. D8: Steve Jobs on the iPhone's Origin. All Things Digital. Тексерілді 20 маусымның 2010. Болған оқиға 0:20.
- ↑ Murtazin, Eldar. Apple's Phone: From 1980s' Sketches to iPhone. Part 3, Mobile-review (20 маусым 2010). Тексерілді 27 наурыздың 2011.
- ↑ a b The Untold Story: How the iPhone Blew Up the Wireless Industry, page 4 (ағыл.). Wired Magazin (9 қаңтар 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қаңтар 2012. Тексерілді, 14 сәуір 2010.
- ↑ Обзор GSM-телефона Motorola ROKR E2. Mobile-review (30 қаңтар 2006). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қаңтар 2012. Тексерілді, 14 сәуір 2010.
- ↑ Мобильники-неудачники. Mobiset.ru (12 сәуір 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қаңтар 2012. Тексерілді, 14 сәуір 2010.
- ↑ The Untold Story: How the iPhone Blew Up the Wireless Industry, page 2 (ағыл.). Wired Magazin (9 қаңтар 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 қазан 2012. Тексерілді, 14 қыркүйек 2012.
- ↑ Cohen, Peter Macworld Expo Keynote Live Update. Macworld (13 наурыз 2007). Тексерілді, 21 шілде 2010.
- ↑ Farber, Dan Jobs: Today Apple is going to reinvent the phone. ZDNet "Between the Lines" blog (9 қаңтар 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 қыркүйек 2012. Тексерілді, 20 маусым 2010.
- ↑ Jobs, Steve. Macworld San Francisco 2007 Keynote Address. San Francisco: Apple, Inc..
- ↑ Apple Inc. Q3 2007 Unaudited Summary Data (PDF). Apple Inc. (шілде 25, 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 қыркүйек 2012. Тексерілді, 6 маусым 2008.
- ↑ Hart, Kim; Valle Sabrina. Macworld Expo Keynote Live Update, The Washington Post (30 маусым 2007). Тексерілді 1 ақпанның 2007.
- ↑ iPhone rush despite mixed reviews, The Australian (3 шілде 2007). Тексерілді 1 ақпанның 2007.
- ↑ Grossman, Lev. Invention Of the Year: The iPhone, Time (31 қазан 2007). Тексерілді 6 маусымның 2008.
|
|
|