iPhone 7
iPhone 7/iPhone 7 Plus | |
iPhone 7 "Jet Black" | |
Бренд |
Apple |
---|---|
Серия | |
Тип |
смартфон/коммуникатор; |
Формфактор |
моноблок |
Көлемі |
iPhone 7: 138,1×67×7 мм |
Салмағы |
iPhone 6: 143 г |
Операциялық жүйе | |
Орталық процессор |
Apple A10 Fusion 1.8 Ггц 2 ядро 64 бит |
Графикалық процессор |
алты-ядролы графика |
Оперативтік зерде |
2 ГБ |
Жады |
32, 128 немесе 256 Гб |
Карта жадысы |
қарастылмаған |
Аккумулятор |
Алынбайтын Li-Ion батарея |
Экран |
iPhone 7:4.7-дюйм (100 mm) диагональ |
Камера |
iSight 12 Мп, f/1.8, фазаны анықтауы бар автофокустану, OIS, quad-LED (қос тонды) жарқыл, HD видео (1080p) |
Алдыңғы камера |
FaceTime 7 Мп, HD видео (720p) адамдарды тану, HDR, панорама, f/2.2, 1080p@30fps, 720p@240fps, |
Үйлесімді медиаформаттар |
Барлық модельде: • GSM модель (A1428): • GSM модель (A1429): • CDMA модель (A1429): |
Интерфейс |
Lightning |
Басқа |
Touch ID 2.0, 3D Touch |
HAC |
M3, T4 |
Сілтеме | |
Сериялар бойынша мақаланың бөлігі болып табылады |
iPhone |
---|
Айфон модельдер тізімі |
iPhone 7 және iPhone 7 Plus — iOS 10 операциялық жүйесінде жұмыс істейтін Apple компаниясының сенсорлі смартфондары, 2016 жылдың 7 қыркүйек күні ұсынылып, осы айдың 16-23 аралығында сатыла бастады. iPhone 6S және 6S Plus-тың мұрагерлері. Оған бұрын шығарылған смартфондар: iPhone 6 және 6S Plus-ке қарағанда дисплейі экранның саусақты батыра басудың қаттылығын сезетін 3D Touch технологиясымен, түсіру айқындылығы қос 12 Мп камерасымен және басқа да жаңалықтары бар. Смартфондар өздерінің ұсынылуымен iPhone-ның 11 буынын білдіреді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жаңа құрылғыны таныстыруды Apple компаниясы Bill Graham Civic Auditorium-да 2016 жылы 7 қыркүйекте өткізді[1]. Компания алдын ала тапсырыс беру статистикасын жариялау дәстүрін бұзуға шешім қабылдады. Apple компаниясы бұл туралы инвесторлар мен клиенттер үшін мұндай деректердің маңыздылығын түсіндірді. Бірінші демалыс күндері сату туралы ақпарат нақты сұранысқа емес, дүкендерге жеткізілім көлеміне байланысты анықталады[2].
Сипаттамалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
iPhone 6 (үстіңгі) жіне 7 (астыңғы) төменгі жақтары. iPhone 7 3,5 мм ағытпасыз шықты
-
iPhone 7 Plus
-
«Қызғылт алтын» түсті IPhone 7 артқы панелі
-
AirPods сымсыз құлақаспабы
IPhone 7 телефондары iPhone 6s сырттан бірдей болып келеді, айырмашылықтар арасында: төменгі жақтың симметриялары. Аппараттар 3 дәстүрлі түстермен жабдықталған: «Silver» (күміс), «Gold» (алтын), «Rose Gold» («қызғылт алтын»), қара түстің екі жаңа нұсқасында: «Black» (мұздаған қара) және «Jet Black» («Қара оникс»). 2017 жылдың наурыз айында қайырымдылық акциясы аясында (RED), жарқын қызыл түсті нұсқасы ұсынылды[3].
iPhone 7/7 Plus-те «Home» тетігінің механизмі бұрынғы модельдерден өзгеше өзгерді, ол басу механизмін жоғалтты және толығымен сенсорге айналды және сезімтал болды; басу кезінде жауап телефонның тербелісі арқылы беріледі бұл — «haptic feedback» деп аталады, Apple Taptic Engine көмегімен жүзеге асырылады.[4] 6s-тен «3D Touch» жүйесі сақталған.
Құлаққап
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жаңадан iPhone 7-бен бір мезгілде, Apple компаниясы Apple W1 чипі негізінде жаңа AirPods сымсыз құлаққаптарын енгізді.
Ізашарынан айырмашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жаңа құрылғылардың таныстырылымы Сан-Францискода өтті. Apple басшысы Тим Кук екі жаңа модель жайлы айтып берді, олар iPhone 7 және iPhone 7 Plus.
Айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі деп құлаққапқа арналған 3,5 миллиметрлік жалғағышын айтуға болады. Бұл арқылы Lightning-коннектор және сымсыз қосу мүмкіндігі пайда болып отыр. iPhone 7 смартфонына су кірмейді және шаң жұқпайды. Мұның үстіне сыйымды батареясы бар. Камерасы жетілдіріліп, Home батырмасының жаңа қызметтері пайда болғаны айтылды.
Сонымен қатар, Apple Watch сағаттарының жаңа нұсқасы таныстырылды. Оның екіядролық процессоры бар, экраны жарқын және GPS орнатылған.[5]
Айфон 6S және Айфон 6S Plus ізашарларынан қуатты аппараттық компоненттерімен, сондай-ақ, 3D Touch экранмен, сенсорлық сезімталдығымен ерекшеленеді. RAM мөлшері 2 ГБ[6]. «Home» батырмасына құрылғыны бірден дерлік рұқсатқа шығаруға мүмкіндік беретін жетілдірілген саусақ сканері Touch ID 2 орнатылған. 12 Мп-дік негізгі камерасы кадрлар жиілігі 60 к/с жылдамдықпен 4K видео түсіруге мүмкіндігі бар. Алдыңғы камерасы - 7 Мп. iPhone 7 және 7s Plus-тің ізашарларына қарағанда айырмашылығы, бес түсте қол жетімді: Jet Black, Black, Silver, Gold, Rose Gold. Бар түстер желісіне «реактивті қара» түс қосылды[7].
Сатуға түсуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]iPhone 7 және iPhone 7 Plus АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Германия, Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландияда сатылымға 16 қыркүйекте түседі. Бұл елдерде алдын ала тапсырыстар беру қыркүйектің өзінде басталады.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Презентация iPhone 7. Онлайн / Интерфакс, 7 сентября 2016
- ↑ Apple Won’t Announce iPhone 7 Opening Weekend Sales Numbers — Bloomberg
- ↑ Apple выпустила красный iPhone. Тексерілді 21 наурыздың 2017.
- ↑ The iPhone 7's new home button isn't a real button. Vox Media. Тексерілді, 8 қыркүйек 2016.
- ↑ Apple компаниясы iPhone смартфондарының жаңа нұсқаларын таныстырды.. tengrinews.kz.
- ↑ Подтверждено: в Apple iPhone 7 уменьшенный аккумулятор и 2 ГБ ОЗУ. hi-tech.mail.ru. Тексерілді, 10 қыркүйек 2015.
- ↑ iOS 10. It’s why there’s nothing else like an iPhone.. http://www.apple.com/.
|
|
|