Мазмұнға өту

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
11:59, 2015 ж. қарашаның 23 кезіндегі GanS NIS (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (GanS NIS Қарағанды облысы (ауыл шаруашылығы) бетін Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы бетіне жылжытты)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Қазіргі кезде облыста 290 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 6238 фермерлік және шаруа қожалықтары, 1155 халықтың жеке қосалқы шаруашлықтары бар, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Агробизнесті тиімді жүргізуі мақсатында 6 мыңнан астам ауыл шаруашылық кұрылымдарына 2 млрд 180 млн теңге көлемінде нақты мемлекеттік көмек көрсетілді, оның ішінде 299,6 млн теңге — облыс бюджетінен. Мемлекеттік инвестициялау, демеуқаржылар және бюджеттік кредиттеу жолымен бюджеттік бағдарламалар арқылы ғана емес, сонымен қатар жаңа нысандары — ауылдық кредиттік серіктестіктер (АКС) және Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы да жүргізілді. Облыста жұмыс істейтін 7 АКС 2005 ж. 80 жоба бойынша 191,3 млн теңге жеңілдікті кредит берді, ол 2004 жылмен салыстырғанда 3,7 есе артық. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынын филиалымен бірге осы қор арқылы республикалық бюджет есебінен пилоттық микрокредиттеу үшін ауылдық аудандар анықталды. Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар жырау, Шет және Жаңаарқа аудандарының үй шаруашылықтары 34,2 млн теңгеге 434 кредит алды.

Облыс қалалары экономиканың нақты секторы және ауылдық аудандармен шефтік байланыстарды жаңартқан, жыл сайынғы әзірленетін және іске асырылатын облыстағы ауылды кайта түлету жөніндегі негізгі іс шаралар жоспары 2005 ж. ауылға 1 млрд 829 млн теңге бюджеттен тыс инвестициялар тартуға мүмкіндік берді.

2005 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 34,5 млрд теңге болды. Дәнді дақылдар 2004 жылы 845,5 га жерді алса, 2005 жылы 861,7 мың гектарға жетті. Картоп және көкөніс көлемі тиісінше 4% және 6%-ға өсті. Майлы дақылдар 470 га жерді алды, оның 100 га жері — жоғары ақуызды соя. Дәнді дақылдарды және басқа да өнімдерді себу көптеген аудандарда ұйымдасқан түрде және оңтайлы агротехникалық мерзімде өтті.

Лизингтік және кредиттік қатынастарды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар агроқұрылымдардың энергиямен жарақтандырылуын жақсартты. 2005 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша лизингке 56 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды, оның ішінде 8 комбайн — облыстық бюджет есебінен. Сонымен бірге «Казафофинанс» АҚ арқылы жеңілдікті кредиттер есебінен Осакаров ауданында МТС құрылды, Жаңаарқа, Абай және Бұқар жырау аудандарында маманданған афосервис-орталықтар кұруға облыстық бюджеттен 260 млн теңге кредиттік ресурстар бөлінді. Мал шаруашылығында мал мен құс саны 570,6 мың бас болды, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 2%-ға артық. Жалпы облыс бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып келеді: ет өндіру көлемі 8%, сүт - 6%, жұмыртқа - 7%, жүн - 8%-ға өсті. Тамақ өнеркәсібі өндірісінің өсуінің оң үрдісі байқалады. Жезқазған қаласында тәулігіне 65 тонна астық өндіретін жаңа диірмен кешені «Нан өнімі» АҚ іске қосылды. Теміртаудағы «Аяна» ЖШС-де жаңа өнім шығаруға мүмкіндік беретін жаңа сүт құрал-жабдығы орнатылды.

Облыс халқын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бойынша қалаларға жоспар-тапсырма жеткізілді және 132 мың тонна көлемінде астықтың азық-түліктік қоры қалыптастырылды, оның ішінде бірінші сортты нан өндіру үшін — 70 мың тонна бидай, картоп қоры — 5,6 мың тонна, көкөніс - 2,9 мың тонна. Облыс қалаларында жыл сайын селолық аудандар өткізетін «Ауыл—Береке» жәрменкесі 107 млн теңгенің өнімін нарықтық бағадан төмен бағамен өткізуге мүмкіндік берді (2005), бұл 2004 жылмен салыстырғанда 67%-ға артық.

ҚР-ның агроөнеркәсіп кешенін 2006-2010 жылдарда тұрақты дамыту Тұжырымдамасында қойылған міндеттер негізінде, ауыл шаруашылығы департаменті облыстың аймақтық бағдарламасын әзірледі. Оны 5 жыл ішінде іске асыру үшін 31,8 млрд теңге көлемінде қаржылық инвестициялар бөлу көзделеді. Осы бағдарламаға сәйкес егін егілетін аумақтың құрылымын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, өнімділігі төмен жерлердегі бидай егістіктерінің көлемін қысқарту есебінен мал азығы дақылдары егістігі ұлғайтылады. Астық өндірудің тиімділігін арттыру үшін астық егілетін жерлерді дымқыл ресурс сақтайтын технология негізінде өңдеуге біртіндеп көшу көзделген. Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылу Стратегиясында белгіленген басымдылықтарға сүйене отырып, «Аграрлық кредиттік қорпорация» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін орта және ірі әлеуметтік даму және кәсіпкерліктің аймақтық құрылымдарына біріктіруді ынталандыру мақсатында дайындау-өткізу кооперативтерін құру жоспарланған. Онда «локомотив» рөлінде ірі қайта өңдеу кәсіпорындары болуы тиіс: сүт сатып алу бойынша Абай, Шет, Жаңаарқа, Осакаров және Бұқар жырау аудандары, ет сатып алу бойынша (мал сою алаңдарын орналастырып) — Бұқар жырау ауданы және Балқаш қаласы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5