Балантак
Балантак | |
миан балантак | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
40 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар, христиандар мен мұсылман-сүнниттер |
Балантак (өз атауы миан балантак) — Индонезияда тұратын халық. Жалпы саны 40 мың адам.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Балантак тілі – балантактардың негізгі тілі. Халықтың 90%-ы индонезия тілін жақсы меңгергенімен, бұл тіл күнделікті өмірде әлі де кеңінен қолданылады және балалардың көпшілігі мектепке барар алдында балантак тілінде ғана сөйлейді.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сонымен қатар христиандар мен мұсылман-сүнниттер бар.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (құрғақ күріш, ямс, таро, тары т.б.). Кокос пальмасы экономикада үлкен маңызға ие. Қолөнердің ішінен ұсталық және тоқыма бұйымдарын жасау белгілі. Олар ұштары уланған жебелерді қолданып, қақпан, найза және мылтықтарды қолданып, иттермен бірге қабандарды, қалталы жануарларды, құстар мен кеміргіштерді аулайды. Жағалауда балық аулау дамыған.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әрбір субэтникалық топтың өзіндік ата-тегі және аумағы бар эндогамиялық қауымдастықтардан (қоныстардан) тұрады. Қауымдастықтар мен этникалық топтарды ауылдың негізін қалаушыдан немесе осы аумаққа алғашқы қоныстанушылардан шыққан ру мүшелері басқарады. Отбасы шағын, некеге дейінгі жыныстық қатынас еркіндігі бар. Қыздан күйеу жігіттің ата-анасы некеге келісімін сұрайды. Қалыңдық құны той кезінде төленеді. Неке үш жыл бойы матрилокальды, яғни күйеуі әйелінің үйіне барады; содан кейін неолокальды - күйеуінің ата-анасынан да, әйелінің де ата-анасынан да бөлек тұрады.[5]
Дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі қоныстары шашыраңқы орналасқан, бамбук пен саго пальмасынан жасалған қада үйлерде тұрады.[6]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Киімдері ерлерге арналған еуропалық үлгідегі киім, әйелдер - саронг киеді.[7]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағамының негізі – күріш.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Балантак. Тексерілді, 7 шілде 2024.
- ↑ Балантак тілі. Тексерілді, 7 шілде 2024.
- ↑ Балантак. Тексерілді, 7 шілде 2024.
- ↑ Әлем халықтарының энциклопедиясы. Балантак. Тексерілді, 7 шілде 2024.
- ↑ Балантак. Тексерілді, 7 шілде 2024.
- ↑ Балантак. Тексерілді, 7 шілде 2024.
- ↑ Балантак. Тексерілді, 7 шілде 2024.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |