Тхай (халық)
Тхай | |
таи | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,5 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
ата-бабалар культі |
Тхай (өз атауы - таи) — Вьетнамның ресми ұлты, елдің солтүстік-батысында және Лаоста таралған. Жалпы саны 1,5 млн. адам (санақ, 2009 ж.).[1] Бірнеше субэтникалық топтарды қамтиды: негізгілері тай-кхао (ақ тай) және тай-дам (қара тай); Лаоста ақ тай, қара тай және тай-дэнг (қызыл тай) жалпы атауы - тай самныа.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Таи тілінде сөйлейді.[2] Диалектілері: тай-дам, тай-дэн, пхутхай т.б. Жазуы Пали жазуына негізделген.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тхайлар көптеген құдайларға табынып, ата-бабалар культін сақтаған.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі суармалы егістік (күріш, жүгері, тәтті картоп, маниок, көкөністер), мал шаруашылығы (негізінен буйвол, сонымен қатар жылқы, шошқа), құс шаруашылығы, балық аулау. Жинау және аңшылық маңызды рөл атқарады. Қолөнер түрлерінің ішінде тоқымашылық, сондай-ақ ұсталық, керамика, бамбук тоқу өнері алдыңғы қатарда. Тхай ерлері зергер, әйелдер кестеші ретінде танымал.[3]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тхай халқының өмірі ауылшаруашылық өндірісімен байланысты болғандықтан, олар жаңа жыл түні су алу әдет-ғұрпын, жаңа жылдың күн күркіреуін қарсы алу мерекесі және мол өнім үшін дұға ету мерекелерін қарсы алады. Тхайлар өлгендердің басқа әлемде «өмір сүруін» жалғастыратынына сенеді, сондықтан олар марқұмды жерлеу рәсімін «аспанға» ұзату рәсімі деп санайды. Тхайда көптеген рулар бар және әр рудың өз ережелері немесе тыйымдары бар. Мысалы, Ло руы құс жемейді, қуаң руы жолбарыс жемейді.[4]
Елді мекендері тау бөктерінде және аңғарларда орналасқан және әдетте 40-50 үйден тұрады. Үйлері қадалы, төртбұрышты, шатыры төрт қырлы, сопақша, бұта мүйізі немесе гүл түрінде безендірілген.
Әйелдер киімі түзу белдемше мен қысқа блузадан тұрады, ұзын (1,5 м-ге дейін) мата жолағы түрінде басына шарф орайды. Ерлер кең күрте мен шалбар киеді.
Негізгі тағамы - күріш, балық, көкөністер, азырақ ет.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Тхай https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1654207
- ↑ Значение слова тхай https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D1%82%D1%85%D0%B0%D0%B9
- ↑ a b народы мира / Тхай http://www.etnolog.ru/people.php?id=THAY
- ↑ Народность Тхай во Вьетнаме https://vovworld.vn/ru-RU/%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8-%D0%B2%D1%8C%D0%B5%D1%82%D0%BD%D0%B0%D0%BC%D0%B0/%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8C-%D1%82%D1%85%D0%B0%D0%B8-%D0%B2%D0%BE-%D0%B2%D1%8C%D0%B5%D1%82%D0%BD%D0%B0%D0%BC%D0%B5-187015.vov