Мазмұнға өту

Баһадүр қаған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Баһадүр қаған
Лауазымы
Батыс Түркі қағанатының 6-шы қағаны
630 — 631
Ізашары Тон қаған
Ізбасары Сы Жабғу қаған
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 631 (0631)
Алтай тауы
Әкесі Тардуш қаған (Қара Шұрын Түрік)

Баһадүр қаған, Күлбагатур, Кюлюг Сыбихан (Күйлік Сібір хан), Кюлюг-Сібір хан, Мохэду, — 630 жылдан 631 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының билеушісі. Дулу тайпаларын басқарған. Тон қағанды тақтан тайдырып, өлтірген.

"Мо-хэ-ду" сөзі "Баһадүр" сөзінің қытай тілінде бұрмалауынан шыққан. "Баһадүр" сөзі ежелгі парсы тілінен аударғанда "күннің ұлы", "құдайдың ұлы" дегенді білдіреді. Ежелгі түркі тіліне Ұлы Жібек жолының бойымен тараған манихей діні арқылы енген

Жаңа қаған Тон қағанды жақтаушылардың көп бөлігінің қарсылығына тап болды. Нушеби тайпалары бірден көтеріліске шықты. Көтеріліс басында Нишу Қана шад тұрды. Күлік Сібір Тан империясымен қатынас жасауға тырысты: елшілік жіберді, тіпті құдандалық ниетінде жасырмаған. Ли Шиминь қағанаттағы жағдайдың тұрақсыз екенін, ішкі қантөгіс салдарынан қаған билігінің әлсірегенін, әрі кімнің болашақ қаған болатыны жайлы білмейтінін айтты. Көп ұзамай Тон қағанның ұлы Ирбис Ышбара Нушебилерге қарай қашты, ал олар оны қаған сайлады. Өзге ақсүйектер де Ирбисты қолдады. 631 жылы Баһадүр қағанды барлық одақтастары сатып кетті, ал оның өзі Алтай тауына қарай қашты, алайда нушебилер оны қуып жетіп, Баһадүр қаған қаза болды.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]