Мазмұнға өту

Мұқан қаған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұқан қаған
Лауазымы
Түрік қағанатының 3-ші қағаны
553 — 572
Тәж кигізу жорасы 553
Ізашары Қара-Еске қаған
Ізбасары Тобо қаған
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 572 (0572)
Династия Ашина
Әкесі Бумын қаған
Балалары Төремен Апа-хан

Мұқан қаған (Муюй Кигин) [1]Түрік қағандығының қағаны (553 – 572ж.ж). Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қағанның кіші баласы. Бумын қаған өлгеннен кейін таққа ағасы Қара Еске отырды. Қара Ескенің мұрагері ретінде Қытай деректерінде оның інісі Иркин (Ицзинь) аталады. Ол қағандық тағына Мұқан хан деген атпен отырып, Йанту деген қосымша лақап есімге ие болған. Мұқан хан тұсында Солтүстік Қытай мемлекеттері – Чжоу, Ци және Енисей қырғыздары мен қидандар Түрік қағандығына тәуелді болып, салық төлеп тұрды. Түрік қағандығы Ұлы Жібек жолына дербес бақылау жасау мақсатымен Иранға қарсы Византиямен одақтасып, қағандықтың батыс шекарасын Әмудария өзенінің бойына дейін кеңейтті. Мұқан хан кезінде Түрік қағандығы барынша дамыды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ энциклопедиясы
  • Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1967
  • Қазақстан тарихы, 1-т., А., 1996
  1. Қазақстан энциклопедиясы, VI-том

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]