Мазмұнға өту

Ешбар Елтеріс қаған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ешбар Елтеріс қаған
Лауазымы
Батыс Түркі қағанатының 9-шы қағаны
634 — 639
Ізашары Нишу Дулу қаған
Ізбасары Икюлиши
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қазақстан
Қайтыс болуы 639 (0639)
Әкесі Баға шад
Балалары Икюлиши

Ешбар Елтеріс қаған (қытайша: 沙钵罗咥利失可汗 - Шаболосилиши кэхань (тақтағы есімі), жеке есімі қытайша: 阿史那同俄 - Ашина Тунъэ. Тонг шад, Ышпара Төліс-шад, Ышпара Эльтерши Шир, Толыс шад, Тонг шад (т.ж.б. – 639) ) — 634 жылдан 639 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны. Қара теңіз бойында орналасқан аймақты басқарған Тон жабғу қағанның інісі Баға шадтың ұлы. Шығу тегі: Істемі хан – Тардуш қағанЯнг Соух – Баға шад – Ешбар Елтеріс. Ол Нишу Дулу қаған қайтыс болғаннан кейін таққа отырған.

Билігінің алғашқы кезеңі көптен күткен тыныштықпен өтті. 637 жылы қаған Қытай императорына елшілік жіберіп, құдандалық жайында сөйлесуге тырысты. Император елшілікті жылы қабылдады, алайда неке жайлы әңгіме қозғамады. Ешбар Елтеріс елде басқаруды қайта құрып, «Он – оқ бұдун жүйесін енгізді. Қағанның он оқ, яғни, он түменнен тұратын әскері болды. Әр түменде 10 мың адам. «Бұдун» сөзі «ел», «халық» деген ұғымды білдіреді. Бірақ та, басқарудың бұл жүйесі мемлекетті күшейтудің орнына, керісінше әлсіретті. Билік үшін талас бұрынғыдан да күшейе түсті. Батыс түріктердің арасында Ешбар Елтерістің саясатына қарсылықтар күшейді. Қағанаттың өмір сүруіне дулу мен нушеби тайпаларының бітпейтін бақталастығы үнемі қауіп төндіріп отырды. Сондықтан да қаған оларды бөлшектеуді ойлады. Ол дулу тайпасына бес және нушеби тайпасын бес аймаққа бөліп, әр аймаққа жеке билеушіден тағайындады. Әр билеушіге қаған биліктің белгісі ретінде жебе сыйлаған. Осылайша Батыс Түрік қағанаты Он-оқ түріктері елі атанды. 638 жылы қыста қастандық ұйымдастырушылар ордаға кенеттен шабуылдады. Ешбар Елтеріс өзіне берілген жүзге жуық сарбазымен, інісі Бөрі шадпен бірге шегініп, Қарашар билеушісіне қашып кетті. Қастандық ұйымдастырушылар таққа Юйгу Шадты (Үкі шад) отырғызды. Бірақ бұл нушебилерге ұнамады. Бұл жағдай қағанаттың екіге бөлінуіне алып келді. Екі иелік арасында соғыс болып, Юйгу Шад Қарашарды талқандады. Ешбар Елтеріс елге қайта оралды. Нушебилер оны қуанышпен қарсы алды. Юйгу шад пен Ешбар Елтерістің арасындағы соғыс қан төгісті болды. Ақыры, екі жақ бітім жасасты. Алайда, бұл бітім әлсіз болып шығады. Юйгу Шадтың жақтастары Ешбар Елтеріске тыныштық бермей ақырында ол Ферғанаға қашуға мәжбүр болды. 639 жылы Ешбар Елтеріс Ферғанада қаза болды. Оның орнына ұлы Икюлиши отырды.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]