Мазмұнға өту

Гендік ағын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гендік ағын немесе гендердің миграциясыгендердегі белгілі бір аллельдердің бір популяциядан екінші популяцияға берілуі.

Гендердің миграциясы жаңа түрлердің пайда болуын тежейтін фактор болып табылады, себебі ол популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды азайтады.

Гендік ағынның қуатына әртүрлі факторлар әсер етеді. Олардың арасында популяциялардың арасындағы арақашықтық, популяция көлемі, ондағы ағзалардың шапшаңдығы, мекендейтін жерінің біркелкілігі, т.с.с.[1]

Галапагос аралдарындағы теңіз игуанасы игуаналардың ішіндегі жүзе алатын жалғыз түр. Бұл оқшауланған аралдық популяцияның мысалы, материктегі популяциялармен оның қазіргі уақытта еш гендік алмасуы жүрмейді.

Теңбіл марал Батыс Еуропада таралғаннан бері онда бұрыннан мекендеген кермаралдармен араласып, қазіргі күнде ондағы маралдардың бәрі гибридтер болып кетті деп айтуға болады.

Mimulus lewisii мен Mimulus cardinalis деген екі туыстас өсімдік түрінің арасында гендік ағын жүрмейді, себебі олардың тозаңдандырушылары әртүрлі болып кеткен (біреуінде аралар болса, екіншісінде колибри құстары).

  1. "Metapopulation Dynamics and Genetics". Annual Review of Ecology and Systematics 25 (1): 167–188. November 1994. doi:10.1146/annurev.es.25.110194.001123.