Ламарктің эволюциялық теориясы
Ламарктің эволюциялық теориясы немесе Ламаркизм — француз жаратылыстанушысы Жан Батист Ламарк XIX ғасырдың басында«Зоология философиясы» еңбегінде ұсынған ең алғаш эволюциялық теорияларының бірі. [1]
Жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салды. Ж.Б. Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы - нақты деректерге сүйеніп өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуүнде. «Зоология философиясы» (1809 ж.) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгертетіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеп берді.
Ж.Б. Ламарк жануарларды жүйелеу жұмыстарымен де айналысты.
Ұқсастық белгілеріне қарап омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөліп, оларды жеке 6 сатыға, 14 класқа топтастырды.
Олар:
- I саты - кірпікшелі кебісшелер мен полиптер;
- II саты - сәулелілер мен құрттар;
- III саты - жәндіктер (насекомдар) мен өрмекшітектестер;
- IV саты - шаянтектестер мен ұлулар (былқылдақденелілер);
- V саты - балықтар мен бауырымен жорғалаушылар;
- VI саты - құстар мен сүтқоректілер.
Омыртқасыздар 10 класқа бөлінеді:
- Кірпікшелі кебісшілер
- Өрмекшітектестер
- Полиптер
- Шаянтектестер
- Сәулелілер
- Қылтандылар
- Құрттар
- Мұртаяқтылар
- Буынаяқтылар
- Ұлулар (былқылдақ денелілер)
Шаянтектестер мен өрмекшітектестер кластары қазіргі кезге дейін сақталып, жеке клас ретінде қарастырылады. Ұлулар мен қылтанды құрттар жеке типке біріктірілді. Осылайша Ламарк жіктеудегі табиғи жүйенің негізін қалады. Ламарк:«Тіршілік өте қарапайым тірі денеден пайда болады. Қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғарғы сатығы қарай дамиды, бірақ бұл құбылыс өте баяу жүреді», - деп көрсетті. Ламарктің эволюциялық көзқарасы көптеген деректермен дәлелденгендіктен эволюциялық теорияға айналды. Ламарк жаңа түрдің пайда болуына эволюцияның негізгі факторы сыртқы орта жағдайы әсіресе жер бетіндегі гидрогеологиялық жағдайдың ауысуы мен климаттың өзгеруіне байланысты болатындығына ерекше көңіл бөлді. Дегенмен организмдердің өзгеру себептерін, эволюцияның қозғаушы күшін дұрыс түсіндіре алмады.
Ламарк эволюциясының негізгі факторы - сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелердің өзгеретіндігі, ал жаттықпаған мүшеоердің өзгермейтіндігі деп есептеді. Өзгермеген мүшелер қалады немесе кішірейіп, жойылып кетеді деп оған бірнеше мысал келтірді. Мысалы: а)керіктің мойынының ұзын болуы;оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп, ағаш жапырағымен қоректену үшін мойынын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалап қозғалуы;денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған.
Ламарк көп әрі белсенді қимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, ондай мүше жақсы өседі және тұқым қуалайды деп түсіндірді. Ламарк өмір сүрген дәуірде биология мен ауыл шаруашылығы практикасы нашар дамығандықтан әрі ғылым деңгейі де шектеулі болғандықтан эволюция теориясын жан-жақты дәлелдей алмады. Органикалық дүние эволюциясының себептері мен заңдылықтарын 50 жылдай уақыттан кейін ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин дәлелдеді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 11 сыныпқа арналған биология кітабы, "Мектеп" баспасы
- ↑ ISBN 978-601-07-0366-7
|