Йозеф Радецкий
Көрініс
Радецкий, фон Раден Йозеф (2. 11. 1766, Тршебнице, қазіргі ЧССР,— 5. 1. 1858, Милан) — граф, австриялық фельдмаршал (1836). 1784 жылдан армия қатарында. 1809— 13 ж. Австрия армиясы штабының бастығы. 1831—57 ж. Солт. Италиядағы Австрия армиясының бас қолбасшысы, 1849—57 ж. сонымен қатар Ломбардо — Венеция корольдығының ген.-губернаторы. Австрия-Италия соғыстарында (1848—49) Р. басқарған әскер Кустоц (1848), Новара (1849) маңында итальян армиясын талқандады және Италиядағы 1848—49 жылдардағы революцияны басуға қатысты. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том