Карл Максимович Бэр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Мына мақаланы не бөлімін Карл Эрнст фон Бэр дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Карл Максимович Бэр, Карл Эрнст (1792, Эстония, Пийб имениесі, Пайде ауданы – 1876, Тарту) – орыс жаратылыстанушысы, эмбриология ғылымының негізін салушы, Орыс география қоғамының негізін қалаушылардың бірі.
- Дерпт (Тарту) ун-тін бітірген (1814).
- 1817 жылдан Кеннигсберг университетінде проректор (1917).
- Санкт-Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1826)
- 1828 жылдан академия, құрметті мүшесі (1862) болды.
- Орыс география қоғамы Б-дің басшылығымен Каспий теңізіне экспедиция ұйымдастырды (1853 – 1957).
- Бэр Еділ, Жайық өзендері аңғарларында, Маңғыстау түбегінде болды, теңіздің балық қорын анықтады. Экспедицияның зерттеулері нәтижесінде Каспий теңізінің физикалық географиясы жасалды. Теңіз деңгейінің күрт құлдырап бара жатқанын, оның нәтижесінде теңіз жағалауындағы судан босаған жерлерде құмды төбешіктердің пайда болғанын ашты. Кейін олар «Бэр төбешіктері» деп аталды. Еділ өзені жағалауын зерттеп, меридиан (бойлық) бағытта ағатын өзендердің оң жағы тік, яғни аңғарлары асимметриялы болатындығын бірінші болып түсіндірді. Ол ғылымға Бэр заңы болып енді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |