Мазмұнға өту

Абдуллаһ ибн Сәләм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Абдуллаһ ибн Сәләм
араб.: عبدالله بن سلام
Туған күні:

550 (0550)

Туған жері:

Йасриб

Қайтыс болған уақыты:

630 (0630)

Қайтыс болған жері:

Медине

Ғылыми аясы:

Ислам теологиясы

Әкесі:

Салам ибн аль-Харис

Ұлдары:

Юсуф ибн Абдуллах ибн Салам

Ұлты:

Исраиль

Ислам тарихы:

Мұхаммад (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын)

Негізгі жетістіктері:

Құдай қызметшісі, Бейбітшілік ұлы

Ол тұралы айтылды:

теолог

Атақты шәкірттері:

Мұхаммад ибн Жарир әл-Табарани және ибн Ысқақ

Абдуллаһ ибн Сәләм (араб.: عبدالله بن سلام‎, Құдай қызметшісі, Бейбітшілік ұлы), кейде әл-Хусайн ибн Салам немесе Қасиетті Абдуллаһ ибн Салам деп-те аталатын, Мұхаммед (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) серіктестерінің бірі болған, Ислам дінін қабылдамай тұрғанда, Еврейлердің раббайы болған.

Жастық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Абдуллаһ ибн Салам Йасриб қаласында Левиттік Еврей раббиі болған, Синагогада Құдайға құлшылық жасап, қалған адамдарды-да соған үйрететін еді әрі қаланың адамдары оған құрметпен қарайтын болған.

Абдуллаһның Ислам дінін қабылдауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

622-жылы, Мұхаммед (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбар Меккеден Йасриб қаласына аттанадады. Пайғамбар Йасриб қаласына жеткенде Құба деген жерде тоқтайды, бір адам қалаға асығыста кіріп, Қасиетті Пайғамбардың қалаға келгенін елге дауыстап хабарлайды. Бұл жаңалықты естіген, Абдуллаһ ибн Салам Шаһаданы қабылдайды-да (Аллаһдан басқа құдай жоқ, Мұхаммед Аллаһның елшісі екендігін мойындау.) жанында отырған әпкесіне: "Әпке, ол шынымен-де, Құдайдың атымен айтайын, Мұса пайғамбардың бауыры және оның дінін ұстанушы..." -дейді.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]