Мазмұнға өту

Омар ибн әл-Хаттап

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Омар ибн әл-Хаттаб бетінен бағытталды)
Омар
عمر بن الخطاب
Туған күні:

585 (0585)

Туған жері:

Мекке

Қайтыс болған уақыты:

3 қараша 644 (0644-11-03)

Қайтыс болған жері:

Медине

Ұлдары:

Абдуллаһ ибн Омар

Ұлты:

Араб

Омар, Омар Халифа, Омар ибн әл-хатаб ибн Нуфейл ибн Абдулуза әл-Қурайши (585, Мекке – 3.11.644, Медине) – екінші тақуа халифа, аса көрнекті мемлекет қайраткері, төрт шадиярдың бірі.[1] Омар ибн әл-хатаб туралы түсірілген сериал бар. Сериал көруге арналған сілтемелер:

Тарихи деректерге қарағанда, ол ұзын бойлы, кең кеуделі, шапшаң қозғалатын өте қайратты адам болған. Ислам дінін алғашқылардың бірі болып қабылдаған Омар І. (р.т.ғ.) оған дейін Құрайыш әулетінде беделді, абыройлы, күш-қуаты мол, исламға қарсылығымен белгілі адам еді. Аңыздарда Омар І. (р.т.ғ.) Мұхаммед пайғамбарды (ғ.с.) өлтіру туралы тапсырмамен оның алдына барған жолы пайғамбардың дұғасымен, Алланың шарапатымен 33 жасында ислам дінін қабылдаған. Ислам дінінің күш-қуаты арта түсіп, мұсылман жамағатының Қағбада алғашқы жария намаз оқуын Омар І-нің (р.т.ғ.) иманға келуімен байланыстырады. Ол Әбу Бәкрдің халифа болып сайлануына қолдау көрсетіп, оның кеңесшісі болды. Әбу Бәкр қайтыс боларда Омар І-ні (р.т.ғ.) мұрагерлікке ұсынады, мұсылман қауым оны қабыл алып, Омар І. (р.т.ғ.) халифатқа он жыл билік жүргізді. Омар І. (р.т.ғ.) билік жүргізген кезеңде мұсылмандар 637 жылы Құддыс қаласын алды. 637 – 38 жылдары Қадмияда Сасанилер жеңіліске ұшырады. 644 жылы Иранның маңызды бір бөлігі ислам иелігіне көшіп, мемлекет шекарасы батысқа қарай кеңейе түсті. Омар І-нің (р.т.ғ.) билігі тұсында ислам мемлекетінің иеліктері Орталық, Шығыс, Солтүстік Африка, Батыс Азияға дейін кеңейді. Омар І. (р.т.ғ.) мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатына байланысты маңызды мәселелерді біліктілікпен шешіп, мұсылмандардың құрметіне бөленді. Жыл сайын қажылыққа бару, асхабтар мен жауынгерлерді жалақымен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, зинақорлық жасаған адамды жазалау, т.б. сияқты тәртіптер Омар І-нің тұсында мұсылман дәстүріне енді. Хижра жыл санауының негізі осы кезде қаланды. Мемлекет басқару құрылымы, салық, жәрдемақы, т.б. көптеген басқару жүйесін қалыптастырды. Омар І. 644 жылы таң намазына имам болып тұрған сәтінде, ирандық құлдың қолынан қаза табады. Омардың әкесінің аты - Хаттаб ибн Нуфәйл, шешесі - құрайыштың Махзұн тайпасынын шыққан Хантәмә бинт Хашим.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы 7- том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Umar