Мазмұнға өту

Сағд ибн әбу Уаққас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Сағд ибн Әбу Уаққас бетінен бағытталды)
Сағд ибн әби Уаққас
سعد بن أبي وقاص
Туған күні:

595 (0595)

Туған жері:

Мекке

Қайтыс болған уақыты:

674 немесе 675

Қайтыс болған жері:

Медине

Ұлты:

Араб

Ислам тарихы:

Әбу Бәкір Сыддық

Негізгі жетістіктері:

Қолбасшы

Сағд ибн әби Уаққас (араб.: سعد بن أبي وقاص‎) — жәннатпен сүйіншіленген сахабалардың бірі. Әбу Бәкір Сыддықтың себепкерлігімен мұсылман болған. Анасы жағынан Пайғамбарымызбен (с.а.у.) туыстығы бар. Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Міне менің нағашы ағам - Сағд, осындай нағашысы болған кім бар екен» деген ілтипатына ие болған ол өмірінің соңына дейін қилы-қилы қиындықтарда Аллаһ Расулының (с.а.у) жанынан табылды. Хазіреті Сағд Аллаһ жолында алғаш оқытушы, жаужүрек батыр. Аллаһ жолында күресуге мейлінше ынталы болды. Ислам рухын асқақтатып, туын желбіретуге үлкен үлес қосты. Бәдір шайқасында мүшріктермен болған кескілескен ұрыста табандылық танытты. Омар ибн Хаттабтың халифалығы кезінде қолбасшы етіп тағайындалды. Көптеген жеңістерге қол жеткізді. Бірқатар адамдардың мұсылмандықты қабылдауына мұрындық болды. Әділеттің ізгі үлгісі Омар Фаруқ заманында ғұмырының ең белсенді кезеңін басынан кешірді. С. (р.а.) халифа Омардың (р.а.) әмірімен Иранға аттандырылатын әскерге қолбасшылық тағайындалды. Мықты қолбасшы С. ибн Ә. У. Қадисия соғысында бірнеше айдың ішінде бүкіл Иран жерін бағындырды. Сол кездегі Иран астанасы Мәдәин қаласын алды. Иран шахының бай қазыналарын мұсылман мемлекетінің қазынасына қосты.[1] Орта Азияда оның есімі көбінесе «Сәдуақас» (Садвакас, Садуакас) болып транскрипцияланады және Орталық Азияның көшпелі халықтары арасында өте кең таралған есім.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1