Мазмұнға өту

Бұлақшы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бұлақшы
Қысқы жүні
Қысқы жүні
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Татреңтәрізділер
Тұқымдасы: Scolopacidae
Тегі: Tringa
Түрі: T. stagnatilis
Екі-есімді атауы
Tringa stagnatilis
(Иоганн Маттеус Бехштейн, 1803)
Tringa stagnatilis

Бұлақшы (лат. Tringa stagnatilis) – татреңтәрізділер отрядының тауқұдіреттер тұқымдасына жататын су құсы.


Қазақстанның солтүстік-далалық аймақтарында, Қамыс – Самар көлдері мен Ырғыз өзенненің төмен, Нұра өзенінің жоғарғы сағасында таралған. Қанатының ұзындығы 120 – 150 мм, тұмсығының ұзындығы 43 мм, салмағы 60 – 90 г-дай. Арқасы сарғыш қоңыр, тұмсығы қара, маңдайы, басының екі жағы және бауыры ақ болады. Бұлақшы – жыл құсы. Наурыз айының аяғында ұшып келіп, ұясын өзендер мен көлдердің батпақты жағасындағы құрғақ төбешіктерге ұя жасайды. Оған 3 – 4 жұмыртқа салады, оны қоразы мен мекиені 3 аптадай басып, балапандарын 20 – 21 күнде қанаттандырады. Негізінен су жәндіктерімен, кейде ұсақ шаян тәрізділермен қоректенеді. Күзге қарай жылы жаққа (Африкаға, Оңтүстік Азияға, Австралияға) қоныс аударады.[1]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том