Африканерлер
Африканерлер | |
бурлар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
3,6 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
ОАР |
2,7 млн. |
Намибия |
140 000 |
Замбия |
37 000 |
Зимбабве |
31 000 |
Ангола |
26 000 |
Эсватини |
14 000 |
Ботсвана |
22 000 |
Ұлыбритания |
29 000 |
АҚШ |
10 000 |
Тілдері | |
Діні | |
Африканерлер (бурлар) — Оңтүстік Африкадағы халық, голланд, неміс және француз отаршыларының ұрпақтары. Жалпы саны 3,6 млн. адам.[1] Оңтүстік Африка Республикасындағы саны 2,7 миллион адам. (2000), Намибияда – 140 мың, Замбияда (37 мың адам), Зимбабведе (31 мың адам), Анголада (26 мың адам), Свазилендте (14 мың адам), Ботсванада (22 мың адам, 1995), Ұлыбританияда (29 мың адам), АҚШ (10 мың адам) тұрады.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Африканс тілі голланд, неміс және француз тілдерінің әртүрлі диалектілерінің негізінде қалыптасты. Оған готтентоттардың, бушмендердің, бантулардың тілдері, сондай-ақ Кейптаун теңізшілері мен құлдарының креол малай-португал тіліндегі сленгтері әсер етті.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілер - протестанттық христиандар (реформаторлар).
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1652 жылы голландиялық француздар, неміс отаршылары құрған Кап колониясынан 17 — 18 ғасырларда бүкіл Оңтүстік Африка елдеріне тарап қоныстанған. Колония шаруашылығы құл иеленушілік тәртіпке негізделді. 1806 жылы Ұлыбританияның Кап колониясын басып алуы, құл иеленудің жойылуына (1934), олардың Кап колониясынан кетуіне, банту тайпаларының жерін алып, Оңтүстік Африкада өз алдына мемлекет құруға әкеп соқтырды. 19 ғасырдың 70-жылдарында Африканерлердің жаңа қоныстарынан алмаз бен алтынның мол қоры табылуы ағылшын отаршыларының бұл жерлерге де мүдделігін арттырды. 1899 - 1902 жылдары Ұлыбритания Трансваль мен Тәуелсіз Бур мемлекетін жаулап алды. Африканерлер 20 ғасырдың басында ұлт болып қалыптасты.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі кәсібі – егіншілік, мал өсіру, дәнді дақылдар (бидай, жүгері) және жергілікті дақылдар (сизаль, жеміс, т.б.) өсіру. Африканерлер полицияда, армияда, мемлекеттік қызметкерлер арасында басым.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мәдениет пен тұрмыста африканерлер еуропалық нормаларды ұстанады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Африканеры https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/617201
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/1841807
- ↑ ЮАР НАСЕЛЕНИЕ НАРОДЫ ЮЖНОЙ АФРИКИ АФРИКАНЕРЫ http://www.turlocman.ru/south-africa/8321 Мұрағатталған 11 ақпанның 2023 жылы.
- ↑ Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. ISBN 5-89800-149-2
- ↑ народы мира / Африканеры http://www.etnolog.ru/people.php?id=AFRR
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |