Мазмұнға өту

Ланго (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ланго
ланги
Бүкіл халықтың саны

1,5 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Уганда

Тілдері

ланго тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

Ланго (ланги) — Уганданың оңтүстігіндегі халық (Кьога көлінің аймағында).[1] 2002 жылғы халық санағы бойынша Угандадағы саны 1 485 437 болды.[2]

Тілі батыс нилот, оңтүстік луо тобының - ланго тілі[3]

Дінге сенушілер: дәстүрлі нанымдар, кейбіреулері – католиктер, англикандар.[4]

Негізгі дәстүрлі кәсіптері – егіншілік (тары, құмай, күнжіт, бұршақ, жержаңғақ, 20 ғасырда да мақта), мал шаруашылығы (қысқа мүйізді зебу), аңшылық. Қолөнерден – былғарыдан тігу, т.б. дамыған.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халық дәстүрлі түрде бірнеше патрилиндік руларға бөлінді, олардың әрқайсысының өз аумағы болды. Неке айтарлықтай төлем талап етті (малмен). Басшы көсемдер туыстығына қарамастан, өздерінің рулық аймақтарының барлық тұрғындарына билік жүргізді. Олардың үстінен аға басшылар (rwot) басқарды. Ер адамдар бірнеше жас санаттарына бөлінді.[6]

Ата-баба культі, бай фольклор дамыған.

Елді мекендер ықшам орналасқан, жартылай шеңберлі, 10-нан 150-ге дейін кірпіштен салынған үйлер.

Мықындарына белбеу тағып, оған алжапқыш байлайды.

Тағамның негізі - өсімдік тектес тағамдар.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ланго, ланги http://www.etnosy.ru/taxonomy/term/289
  2. Материал из свободной энциклопедии https://infor24.ru/%D0%9B%D0%B0%D0%BD%D0%B3%D0%B8(қолжетпейтін сілтеме)
  3. Ланги https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1540611
  4. ЛАНГО http://www.aggregateria.com/L/lango.html
  5. Народы и культуры Ланго https://travel-journal.ru/ethno/39/860/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. Ланго - онлайн-энциклопедия Британника https://bfjaawards.com/ru/pages/23516-lango--britannica-online-encyclopedia
  7. народы мира / Ланго http://www.etnolog.ru/people.php?id=LANG