Манджак
Манджак | |
мандьяк | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
210 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Гвинея-Бисау |
140 000 |
Кабо-Верде |
40 000 |
Сенегал |
20 000 |
Гамбия |
10 000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі наным-сенімдер, католицизм |
Манджак' (мандьяк) — Гвинея-Бисауда, Кабо-Верде, Сенегал, Гамбияда тұратын халық.[1] Жалпы саны 210 мың адам. Қоныстанған негізгі елдері: Гвинея-Бисау 140 мың адам, Кабо-Верде 40 мың адам. Басқа қоныстанған елдер: Сенегал 20 мың адам, Гамбия 10 мың адам.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - мандьяку тілі.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі наным-сенімдер, бір бөлігі – католиктер.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрлықтағы негізгі дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, сонымен қатар тәтті картоп, ямс, фонио, мақта, банан, цитрустық жемістер, көкөністер, соңғы иммиграция аймақтарында – тауарлық дақылдары – жержаңғақ). Сулы-батпақты жерлер егістіктерді теңіз суынан қорғау үшін егістіктердің айналасына топырақ бөгеттерін салу арқылы игеріледі. Еңбек құралы - кайендо (ұзындығы 3 м-ге жететін күрек). Кабо-Вердеде оларр негізінен плантацияларда жұмыс істейді. Манжактар мал шаруашылығымен де айналысады (негізінен шошқа, аз дәрежеде ешкі мен сиыр), май мен кокос пальмасының жемістерін жинайды. Теңіз және өзен балық шаруашылығымен айналысады. Қолөнерден – қыш, тоқыма, ағаш өңдеу дамыған. Көптеген манжактар теңіз және өзен кемелерінде матрос болып жұмыс істейді.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Отбасы үлкен болып келеді. Туыстық есеп патрилинейлік болып табылады. Құпия одақтар, жас кластары жүйесі сақталған.
Ауылдары үлкен, шоғырланып орналасқан. Тұрғын үйлерінің диаметрі 5-6 м, қабырғалары балшықпен сыланған, пальма жапырақтарынан жасалған биік конустық шатыры бар дөңгелек үйшіктер. Португалдықтардың әсерінен төбесі екі еңісті шатыры бар төртбұрышты тұрғын үйлер тарай бастады.
Дәстүрлі киім (жұмыс киімі ретінде сақталған) әйелдер үшін белдемше, ер адамдар үшін денені жауып тұратын шүберек .
Азық-түліктері – негізінен өсімдік тектес тағамдар (жарма, бұқтырылған ботқа, пюре).[6]
Танымал спортшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ансу Фати - испан футболшысы
- Ансумане Фати - гвинея футболшысы
- Альфред Гомис - сенегал футболшысы
- Бафетимби Гомис - француз футболшысы
- Кафетьен Гомис - ұзындыққа секіруден француз спортшысы
- Александр Менди - Гвинея-Бисау футболшысы
- Арно Менди - гвинея футболшысы
- Бенжамен Менди - француз футболшысы
- Бернар Менди - француз футболшысы
- Эдуар Менди - сенегал футболшысы
- Эммануэль Менди - гвинея футболшысы
- Ферлан Менди - француз футболшысы
- Фредерик Менди - гвинея футболшысы
- Нампалис Менди - сенегал футболшысы
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Манджак https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/573814
- ↑ Современная энциклопедия - манджак http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/mandzhak
- ↑ Иллюстрированный энциклопедический словарь МАНДЖАК https://1598.slovaronline.com/6774-%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B6%D0%B0%D0%BA
- ↑ Значение слова МАНДЖАК в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1841753.html
- ↑ Народы и культуры Манджак https://travel-journal.ru/ethno/40/976/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Манджак http://www.etnolog.ru/people.php?id=MNDZ