Фон (халық)
Фон | |
фонгбе | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
3,5 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі наным-сенімдер, христиандық |
Фон (фонгбе)[1] — эвелерге жақын халық. Олар Бениннің оңтүстік бөлігін және Нигерияның іргелес (оңтүстік-батыс) аймақтарын мекендейді. Саны - 3,5 миллионнан астам адам.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар нигер-кордофан отбасының ква тобының фон тілінде (фонгбе немесе аджагбе) сөйлейді.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фондар дәстүрлі наным-сенімдерді сақтайды (ата-бабалар культі, аспан, жер құдайларына табыну және т.б.), аз бөлігі христиандар (католиктер).[4]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фон халқының тарихы туралы 17 ғасырда, әсіресе Батыс Африка жағалауындағы еуропалық саяхатшылар мен саудагерлер жазған көптеген құжаттар бар. Бұл естеліктерде Уида немесе Абомей туралы айтады. Ең көп тарағаны 1793 жылы «Дагомей тарихы» деп аталатын кітапта Фон халқының аңыздарын, тарихын және құл саудасы тәжірибесін жазған құл саудагері Арчибальд Далзеллдің нұсқалары бар. 19-шы ғасырда және 20-шы ғасырдың басында, француздардың қатысуымен Бенинде және оған жақын аймақтарда отарлау кезеңі басталғасын, Фон халқына сілтеме жасайтын шығармалар пайда болды (мысалы, Эдуард Фоа, Н.Саваринов, Ле Херисс еңбектері және 1938 жылы жарық көрген М.Ж.Херсковицтің Фон халқы туралы антропологиялық зерттеулері). Бұл деректер Дагомеядағы Фон халқының патшалығы 18 ғасырдың басында, әсіресе 1740-шы жылдары король Агаджаның тұсында кеңейіп, олардың ішкі астанасы Абомейден Атлант мұхитының жағалауына дейін жеткенін көрсетеді.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, ямс, жүгері) және майлы пальма жемістерін жинау кіреді. Дәстүрлі көркемдік қолөнерден - ағаш пен піл сүйегінен ою, кесте тігу, ою, қола құю дамыған.[6]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізін көп отбасылық қауымдастықтар құрайды. Жақындарын еске алуға арналған жерлеу және қайтыс болған рәсімдер маңызды оқиғалар болып табылады, оның ішінде жоқтау түрі ретінде барабан соғу және би билеу және марқұмның рухы ретінде өмірінің басталуын тойлау бірнеше күнге созылуы мүмкін.
Тұрғын үйлері - төбесі бар, төртбұрышты саман үйлерден тұрады, тұрғын үйлердің жанында астық қоймалары, мал қоралары және басқа да шаруашылық құрылыстары бар.
Халық ауыз әдебиеті (ертегілер, мақал-мәтелдер, тарихи аңыздар), оның ішінде музыка өнері дамыды.[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая Советская энциклопедия Фон (народ)
- ↑ Фон (народ) https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/253461?ysclid=lo8aoculqb15850813https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/100163-fon-narod/
- ↑ Большая Советская Энциклопедия (ФО) https://info.wikireading.ru/199118?ysclid=lo8apawtwu946179207
- ↑ Определение "Фон (народ)" в Большой Советской Энциклопедии http://bse.sci-lib.com/article116855.html
- ↑ Fon people - Fon people https://ru.wikibrief.org/wiki/Fon_people
- ↑ Значение ФОН (НАРОД) в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2054181.html?ysclid=lo8apfuj17468157920
- ↑ народы мира / Фон http://www.etnolog.ru/people.php?id=FONB