Мазмұнға өту

Видекум

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Видекум
буррикем, мбудикен, тиверкум
Бүкіл халықтың саны

930 000

Ең көп таралған аймақтар

 Камерун

Тілдері

видекум тілі

Діні

суннизм

Видекум (өз атауы: буррикем, мбудикен, тиверкум)[1]Камерунда тұратын жалпы саны 930 мың адамды құрайтын халықтар тобы.[2]

Нигер-кордофани отбасының бенуэ-конго тобының видекум тілінде сөйлейді.[3]

Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.[4]

Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік. Өздерінің тұтынуы үшін маниок, ямс, тары, жержаңғақ, құмай, жүгері, бұршақ дақылдарын өсіреді, тауарлы дақылдары - кофе, банан, май пальмасы, кола және т.б. Маусымдық темекі, кофе және хин ағашы плантациялары дамыған. Қолөнерден - ағаш ою, кілем тоқу, төсеніш және қоржын тоқу дамыған.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл қауымын ақсақал басқаратын көп балалы отбасылар құрайды. Неке вирилокальды.

Музыкалық фольклор, маска киген билер дамыған.

Елді мекендерінің басым түрі шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері дөңгелек, төбесі конус тәрізді шөптен және рафия пальма жапырақтарымен жабылған.

Дәстүрлі мерекелік киімдері - ашық түсті маталардан жасалған ерлер мен әйелдерде — белдемше тәрізді кесілген киімдер, жеңсіз киім.

Азық-түліктері - жарма, бәліштер, бұқтырылған тағамдар, көкөністер, жемістер.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/11002
  2. Современная энциклопедия - видекум http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/videkum
  3. Современная энциклопедия Видекум https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/198634-videkum/
  4. Современная энциклопедия http://rudictionary.com/enc_modern/Videkum-2119.html Мұрағатталған 29 наурыздың 2023 жылы.
  5. Народы и культуры Виднкум https://travel-journal.ru/ethno/30/528/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. народы мира / Видекум http://www.etnolog.ru/people.php?id=VIDE