Джагга

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Джагга
чага, чагга, вачагга
Бүкіл халықтың саны

2 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Танзания

Тілдері

чага тілі

Діні

христиандық, суннизм

Джагга (чага, чагга, вачагга) — Танзанияның солтүстік-шығысында орналасқан банту тобының халқы.[1] Негізінен Килиманджароның маңайында қоныстанған. Құрамдарында туыстас этникалық топтар бар: джагга (кичагга тілі), мочи, мачамбе (машами), меру (руо, руа тілі), вунджо, ромбо (усери), руша, кахе, гвено. Халқының саны 2 миллионнан астам адам. (2006, бағалау).[2]

Банту халықтар тобының чага тілдер тобында сөйлеседі. Сонымен қатар суахили және ағылшын тілі де халық арасында таралған.

Көбінесе христиан дінін ұстанады, негізінен католиктер, және де мұсылмандар-сүниттер де кездеседі.

Джагганың арғы аталары 2-ші ширекте - 2-ші мыңжылдықтың ортасында Паре тауының аймағынан, яғни оңтүстіктен Килиманджароға қоныс аударды. Осыдан кейін кушиттік жергілікті тұрғындар ассимиляцияға ұшырап, джагга құрамына еніп кетті. Шығыс Африканың бантутілді халықтарының дәстүрлі мәдениеті кушиттердің (жас қанды тұтыну, т.б.) және нилоттардың әсерінен өзгерістерге ұшырады.

Негізінен қолдан террасалаған егін шаруашылығымен (банан, тары), мал шаруашылығымен айналысады. Банандар ер адамдардың, ал ямс пен сүт әйелдердің тағамы деп есептеледі. Банан мен тарыдан сыра (мбеге) әзірлейді. XIX ғасырдан бастап кофе өсірумен айналыса бастады. Халықтың бір бөлігі қалаларда (Аруша, Дар-эс-Салам) тұрады, бизнеспен айналысады, мұғалім, қызметкер болып жұмыс істейді. Ағаштан бұйымдар (ыдыс-аяқ, қалқан) жасау, ұсталық (темірді паре-көршілерінен алады) жақсы дамыған.[3]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халықты көсем (манги) басқарады, оларды XX ғасырдың басында жоғарғы көсем (манги мкуу) біріктірген болатын. Және де бұл титулдар қазіргі джаггаларда да сақталған. Туысқандық саны патрилинейлік болып табылады. XX ғасырдың басына дейін ерлердің (нгаси) және әйелдердің (шиджа) бастамалары жүзеге асырылатын, онда сүндетке отырғызу бірге жүретін. Дәстүрлі наным-сенімдері - ата-бабалырының табынушылығы, яғни Күн құдайына (Рува) сыйыну және т.б. Негізгі музыкалық аспаптары - сыбызғы мен дағыра.

Елді мекендер шашыраңқы орналасқан. Терезесі жоқ, шөппен жабылған дулыға тәрізді тұрғын үйлері 19 ғасырдың аяғынан бастап суахили типіндегі төртбұрышты үйлер алмастырды.

Дәстүрлі киім-жүннен жасалған жамылғылар, бас киімдер, таңғыш маталар.

Негізгі тағамдары - банан, сүт, ет.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Народы и культуры Д https://travel-journal.ru/ethno/32/643/(қолжетпейтін сілтеме)
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 Большая российская энциклопедия 2004–2017
  3. a b народы мира / Джагга http://www.etnolog.ru/people.php?id=DZHG