Тетела

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тетела
батетела, кусу, хамбо
Бүкіл халықтың саны

1,4 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Конго Демократиялық Республикасы

Тілдері

тетела тілі

Діні

католицизм, дәстүрлі нанымдар.

Тетела (батетела, кусу, хамбо)[1]Конго Демократиялық Республикасындағы банту халқы. Олар Луалаба және Ломами өзендерінің алабында тұрады. Халқы 1,4 миллион адам. (2016, бағалау).[2]

Олар тетела тілінде (отетела немесе теттум) сөйлейді.[3]

Дінге сенушілердің діни байланысы: католиктер, дәстүрлі нанымдар.[4]

Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (ылғалды жерлерде – маниок, құрғақ жерлерде – тары, құмай, жүгері; көкөніс, пальма өсіріледі), аңшылық, балық аулау, қолөнер (темір ұстасы, тоқымашылық, керамика). Мал және құс шаруашылығы нашар дамыған (ит, тауық, ешкі). Көптеген тетела плантациялар мен шахталарда жұмыс істеп, қалалар мен өнеркәсіп орталықтарына көшті.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Туыстық есеп патрилинейлік, неке қонысы патрилокальды. Көп әйел алушылық бар, сорорат дамыған.

Елді мекендері дөңгеленіп орналасқан, үйлері де дөңгелек пішінді.

Би мен музыка, көп дауысты ән айту, фольклордың әртүрлі жанрлары дамыған.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Современная энциклопедия - тетела http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/tetela
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4190318
  3. Современная энциклопедия ТЕТЕЛА https://rus-modern-enc.slovaronline.com/11279-%D0%A2%D0%95%D0%A2%D0%95%D0%9B%D0%90
  4. Значение слова ТЕТЕЛА в Энциклопедическом словарике https://slovar.cc/enc/slovarik/1832066.html
  5. Народы и культуры Тетела https://travel-journal.ru/ethno/46/1325/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. народы мира / Тетела http://www.etnolog.ru/people.php?id=TETE