Мазмұнға өту

Ландума (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ландума
ландума, тиапи (коколи)
Бүкіл халықтың саны

21 000

Ең көп таралған аймақтар

 Гвинея

Тілдері

ландума тілі

Діні

дәстүрлі наным-сенімдер, суннизм

Ландума (ландума, тиапи (коколи))[1]Гвинеяның теңіз жағалауында тұратын халық. Жалпы саны 21 мың адамды құрайды.[2]

Тілі - ландума тілі. Диалектілері - ландума, тиапи.[3]

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі наным-сенімдер, бір бөлігі – сүнниттік мұсылмандар, католиктер.[4]

Отаршылдық дәуірде олар еуропалықтармен делдалдық саудамен айналысты. Олар қолмен атқарылатын егіншілікпен және балық аулаумен айналысады. Күріш, банан, маниок, тәтті картоп, жүгері, 19 ғасырдан – кофе ағашы, жержаңғақ, қант қамысы, көкөністер мен жемістер өсіріледі. Кокос және май пальмаларының жемістерін, кола жаңғақтарын жинайды. Қолөнердің ішінде ағаш өңдеу, әсіресе бетперде жасау дамыған.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Отбасы үлкен, көбінесе полигинді. Туыстық есеп патрилиндік болып табылады. Неке патрилокалды. Фута-Джаллон таулы аймақтарындағы мұсылман билеушілеріне тәуелді көсемдер («патшалар») басқаратын қауымдар одақтары болды. Барлық ересектер ерлер мен әйелдер құпия одақтарға біріктірілген (ең танымал ерлер одағы - Поро). Одақтар аясында инициация жүзеге асырылды.

Шоғырланып орналасқан ауылдарда әдетте 100-150 адам тұрады. Тұрғын үйлері - жапырақтардан немесе сабаннан жасалған конустық төбесі бар шағын дөңгелек үйшіктер.

Еуропалық киімдер дәстүрлі талшықтардан жасалған белдемшелерді ауыстыруда.

Азық-түлік негізінен көкөніс - жарма, бәліш, пюре.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Современная энциклопедия Ландума https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/202287-landuma/
  2. Ландума https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1540695
  3. Современная энциклопедия - ландума http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/landuma
  4. Значение слова ЛАНДУМА в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1841158.html
  5. Народы и культуры Ландума https://travel-journal.ru/ethno/39/861/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. народы мира / Ландума http://www.etnolog.ru/people.php?id=LAND