Мазмұнға өту

Зұлыстар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Зұлыстар
амазулу
Ең көп таралған аймақтар
 ОАР

10,4 млн.

 Лесото

270 000

 Зимбабве

140 000

 Малави

116 000

Тілдері

зулу тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

Зұлыстар (зұлулар, өз атауы — амазулу) — банту халықтарының құрамындағы халық, Оңтүстік Африка Республикасының ең үлкен халқы. Саны 10,4 миллион адам (2001, бағалау), оның ішінде Квазулу-Наталь провинциясында 7,6 миллион адам. Олар сондай-ақ Лесотоның солтүстігінде (270 мың адам), Зимбабведе (140 мың адам), Малавиде (116 мың адам)тұрады.[1][2]

Зулу тілі банту отбасының нгуни тобына жатады.[3]

Сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, бір бөлігі христиан-африка назареттік баптисттік шіркеуінің жақтаушылары.[4]

Археологтардың айтуынша, зұлулар және бірқатар туысқан тайпалар Африканың оңтүстік аймақтарында біздің заманымыздың бірінші ғасырдың басында пайда болған.[5] 1800 жылдардың басында олар көбінесе мал бағумен шұғылданған шағын ғана тайпа болды. Алайда Шақа есімді көсем өздерінің жерлерін басып алған бурларға (голландтық келімсектер) қарсы соғысу үшін қуатты армияны басқарды. 1879 жылы зулустар бурлар мен британдықтардың бірлескен күшіне төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырады.[6]

Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (құмай, тары, жүгері, бұршақ және бау-бақша өсімдіктері) және жартылай көшпелі мал шаруашылығы (ірі қара, ешкі, қой). Аңшылық, мал шаруашылығы – ерлердің кәсібі (ер балалар ешкі, жасөспірімдер қой, жігіттер ірі қара), егіншілікпен әйелдер айналысады. Қолөнерден ерлер (тері илеу және ұсталық, ағаш және сүйек ою), әйелдер – қыш, тоқымашылықпен айналысады. Зұлулар қазір тау-кен жұмысшылары мен қалалардың қара тұрғындарының көпшілігін құрайды.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

XIX ғасырда туыстық немесе көршілес қауымдардың қоныстары (10-нан 1000-ға дейін) рулар одағының құрамына біріктірілген қауымдастықтар болды. Неке неолокалдық. Қалыңмал малмен төленеді (лобола). Сиқырлық, бақсылық, ата-баба рухына және табиғатқа сену (токолош), көсемнің ғұрыптық күшіне сену сақталған. Инквала рәсімі жыл сайын өткізіледі. Бай фольклор сақталған, қазіргі әдебиет дамыды, халық музыкасы мен би өнері, қолданбалы өнер (әсіресе моншақ тоқу және өңдеу) дамып келеді.

Дәстүрлі тұрғын үйлері – қамыстан тоқылған, терілермен жабылған жарты шар тәрізді қаңқалы үйшік. Отырықшы өмірге көшуімен олар жалпақ төбесі бар төртбұрышты ағаш үйлер сала бастады.

Дәстүрлі киімдері - былғарыдан денені жауып тұратын белдіктер мен алжапқыштар, білек пен балтырда жабайы жануарлардың құйрықтарын таңған. Жауынгерлер мен қолбасшылар (инкоси) шөптер мен балауыздан жасалған бас сақинасы бар арнайы шаш үлгісін киген. Дәстүрлі киімдер еуропалық киімдерге ауыстырылды.

Дәстүрлі тағамдары - көкөністер мен сүт өнімдері, дәнді дақылдар, құмай мен жүгеріден жасалған бұқтырылған, көкөністермен дәмделген бәліштер. Етті – мерекелік және ғұрыптық тағам ретінде пайдаланады.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. / Буква "З" / http://knowledge.su/z/zulu-
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
  3. Зулус https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/931232
  4. Современная энциклопедия ЗУЛУ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/4164-%D0%97%D0%A3%D0%9B%D0%A3
  5. Зулусы – великие воины собственного королевства Источник: https://musaget.ru/zulusy-kto-takie
  6. Сұрақ және жауап. Энциклопедия/авт.Стивпаркер, Брайан Уильямс; қаз.тіліне ауд.Б.С.Лекерова, Б.М.Омаров. - Алматы: Алматы кітап баспасы,2012 - 256 бет
  7. a b народы мира / Зулу http://www.etnolog.ru/people.php?id=ZULU